Walmart
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Walmart, Inc. — Walmart сауда маркасы арқылы әрекет ететін әлемдегі ең үлкен бөлшек сауда желісін басқаратын америкалық ритейлер компаниясы. Бас кеңсесі Арканзас штатының Бентонвилле қаласында орналасқан. Fortune Global 500-де компания 1 орынды иеленуде[1].
Deloitte компаниясымен бірге әлемдік ритейл көшбасшысы Walmart Global Powers of Retailing 2013 рейтингін бастайды, Wal-Mart үлесіне қатысушылардың жалпы пайдасынан 10% тиесілі[2].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1962 жылы Роджерс қаласында (Арканзас) Сэм Уолтонмен негізі қаланды.
Басты адамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Walmart-тың шамамен 50% үлесі компания негізін қалаған Сэм Уолтонның мұрагерлеріне тиесілі. Директорлар кеңесінің төрағасы- Робсон Уолтон. Бас басқарушы — Ли Скотт. Ал АҚШ президенті Билл Клинтонның жұбайы Хиллари Клинтон 1968—1992 жылдар аралығында Walmart директорлар кеңесінің мүшесі болған.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Walmart — әлемдегі алып бөлшек сауда желілерінің бірі, оның құрамына (2012 жылдың ахуалы бойынша) әлемнің 27 мемлекетінде 10130 дүкен кіреді[3]. Оның ішінде гипермаркеттен басқа азық-түліктік және өнеркәсіптік тауарларды сататын универсамдар бар. Желі стратегиясына максималды сұрыпталым, көтерме саудаға ұмтылған минималды сұрыпталым және бағалар кіреді. Walmart –тың бөлшек сауда нарығында негізгі бәсекелестері - Home Depot, Kroger, Sears Holdings Corporation, Costco және Target. Walmart саудада RFID -таңбалардың пайдалануымен байланысты технологияларды енгізу бойынша көшбасшы болып саналады.Компаниядағы қызметкерлер жалпы саны — 2,1 млн адам.2009 жылғы компания айналымы — $405,0 млрд (2008 жылы — $401,2 млрд), таза кіріс — $14,33 млрд (2008 жылы $13,4 млрд құрады ), операциялық кіріс — $23,95 млрд (2008 жылы $22,7 млрд құрады)[4].
Сын
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Желінің біраз сыншыларының айтуы бойынша Walmart нарықтан ұсақ саудагерлерді ,соның ішінде ұсақ жанұялық дүкендерді ығыстыруға себепші болды. Сонымен қатар бірқатар ұйымдар мен жеке адамдардың айтуы бойынша Walmart жеткізушілерден ең аз деген сатып алу бағасын алып,оларға қысым көрсетеді, ал желі дүкендері экологияға теріс әсерін беруде, ал қызметкерлер құқықтары жиі бұзылады. Walmart өздерінің дүкендері аймағында кәсіпшілер одағы ұйымына қатаң қарсы әрекет етуімен белгілі болды.[5][6]
Қызықты ақпарат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2005 жылы Wal–Mart дүкендер желісінің импорт көлемі Қытай елінен ЖІӨ 1% құрады[7].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://money.cnn.com/magazines/fortune/fortune500/ Fortune 500
- ↑ Крупнейшие мировые ретейлеры заработали в 2012 году $4 триллиона
- ↑ Walmartstores.com: About Us Мұрағатталған 18 тамыздың 2012 жылы.
- ↑ Wal-Mart 2009 Annual Report
- ↑ Research Done on Walmart. Wakeupwalmart.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 шілде 2005.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 мамыр 2006.
- ↑ What does Wal-Mart really cost you?. Wal-Mart Watch. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қазан 2005.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 мамыр 2006.
- ↑ «Вестник McKinsey» Мұрағатталған 10 қарашаның 2013 жылы.