Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЕЭЫДҰ (Organіsatіon for Economіc Cooperatіon and Development, OECD) — өкілдік демократия және еркін нарықтық экономика принциптерін мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы.
Еуропа елдерімен ынтымақтастықта Еуропаны қалпына келтіруге Американың экономикалық және қаржы көмегін оңтайлы пайдалану (Маршалл жоспары) мақсатымен 1948 жылы Парижде құрылған Еуропа экономикалық ынтымақтастық ұйымының мирасқоры. 1961 жылдан бастап Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы деп аталады. Мақсаты — мүше мемлекеттердегі қаржы тұрақтылығын сақтау арқылы, олардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды жақсарту және тұрмыс жағдайын көтеру. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |