Немістер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Немістер

Сол жақтан оң жаққа, жоғарыдан астыға: Мартин Лютер, Людвиг ван Бетховен, II Вильгельм, Иммануил Кант, Макс Планк, Ида Ноддак, Ангела Меркель, Клаудия Шиффер
Бүкіл халықтың саны

140 000 000

Ең көп таралған аймақтар
 Германия

65 000 000

 АҚШ

47 901 779 (2010)

 Канада

3 179 425

 Бразилия

3 100 000

 Аустралия

742 212

 Аргентина

500 000

 Ресей

394 138

 Қазақстан

178 409

 Польша

152 897

 Чили

70 000

 Румыния

59 764

 Швеция

47 000

 Украина

33 302

 Чехия

18 658

 Беларусь

2474

 Әзербайжан

1200

 Тәжікстан

446

Тілдері

немісше

Діні

протестантизм, католицизм

Этникалық топтары

бавариялықтар, швабтар, ресей немістері, франкондықтар, сакстер, қазақстан немістері

Немістер (нем. Deutsche) — Германия, Аустрия, Швейцария және Лихтенштейн байырғы халқы. Германияда (80 млн-ға жуық, 2004), сондай-ақ АҚШ, Аустрия, Африка және Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 миллион адам (2004).

Толық мақаласы: Неміс тілі

Неміс халқы Үнді-Еуропа тілдерінің герман тобына жатқызылатын неміс тілінде сөйлейді.

Христиан дінінің католик және протестант (лютерерандық ағым) тармақтарын ұстанады.

Ұлттық киімдегі Баварлар

Көне тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арғы тегі – германдықтар. Немістер этносының негізін б.з. 1-мыңжылдығының ортасына қарай құрылған франк, сакс, бавар, алеман, тюринг, т.б. тайпалар одақтары қалаған. 843 ж. Франк империясы бөлшектенгеннен кейін, герман тілді Шығыс Франк корольдігі құрылды. Неміс тіліндегі өз атауы диутисце (кейінірек дойче) 10 ғ. ортасында белгілі болды.10 – 14 ғ-ларда неміс билеушілері шығысқа қарай жорықтар жасады да, славян және прусстайпаларын жаулап алып, өздерінің этникалық аумақтарын кеңейтті.Одан кейін ел бірнеше ғасыр саяси бытыраңқылыққа ұшырады.16 ғ-дың бас кезінде саксон(мейсен) диалектісі негізінде Немістердің әдеби тілі қалыптаса бастады. Саяси және діни қайшылықтардан кейін Немістер христиан дінінің католик және протестант (лютерандық ағым) тармақтарын қабылдап, діни жікке бөлінді.

18-20 ғасырдағы тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

18 – 19 ғ-лардағы соғыстар, экон. күйзелістердің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Неміс жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Немістердің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыспен 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Немістер зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси-әлеум. жүйесі бір-біріне қарама-қарсы екі мемлекет құрылды (қ. Германия). 1990 жылдан бастап ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД, т.б.) Немістердің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды. Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи-климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған.

Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады.

16 – 17 ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады. Ұлттық киімдері: ерлер - тироль костюмі, ақ көйлек пен қысқа былғары шалбар, қызыл жакет, жалпақ былғары белбеу, енсіз қайырма жиегі мен қауырсыны бар қалпақ, әйелдер корсаж немесе кофта, бүрмелі белдемше киген. Бас киімі - әр түрлі үлгідегі телпек (чепцы) және сабан қалпақ.
Ұлттық тағамдары: ет (шницель, гамбургтік филе, разбрат, шморбратен, шнельклюпс, түрлі шұжықтар) және әртүрлі тоқаштар әзірлеу тән болып табылады. Сусын ретінде кофе ішуді ұнатады.

Қазақстан аумағында неміс республикалық, облыстық мəдени бірлестіктері, қалалар мен аудандарда олардың ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады.[1]

Қазақстандағы немістер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Қазақстан немістері

Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінін басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау-кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Немістер негізінен Петропавл, Семей, Өскемен тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-XX ғасырларлара сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Немістер сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты. 1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды.

Қазақстандағы немістер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 353462 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 181348 адам болды. 2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған жерлері Қарағанды облысында – 18,28%, Қостанай облысында – 15,51%, Ақмола облысында – 14,49%, Павлодар облысында – 11,65%, Солтүстік Қазақстан облысында – 11,23%.[2]

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін немістердің көпшілігі тарихи отанына Германияға қоныс аударды. 2005 ж. қарай Қазақстандағы немістердің саны 300 мыңдай болды. 2014 ж. деректер бойынша 182,2 мың адам тұрады.[3]

  • Народы мира. Историко-этнографический справочник, М., 1988;
  • Страны мира. Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы 7 том 2 бөлім
  2. ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 181-бет. ISBN 978-601-287-224-8
  3. Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева./Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 338-бет ISBN 978-601-7472-88-7