Yahoo!

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Yahoo! Inc.
Түрі

көпшілік компания

Биржадағы листингі

NASDAQ: YHOO

Компанияның ұраны

Do you Yahoo!?

Құрылды

1995

Орналасуы

 АҚШ Саннивейл, Калифорния

Басты адамдары

Скотт Томпсон

Саласы

Интернет, компьютер бағдарламалармен қамтамасыз ету

Айналым

$7,209 млрд (2008, US GAAP)

Таза табыс

$424,298 млн (2008)

Қызметкерлер саны

16 500 (2011)

Сайты

www.yahoo.com

Yahoo! (айтылуы – яху!) – дүние жүзіне әйгілі ғалам тор бойынша іздеу жүйесі (5,88 %)[1] және Yahoo Directory интернет-порталымен бірігіп, интернет әлеміне әйгілі Yahoo Mail электронды пошта қызметін қамтамасыз ететін американ компаниясы. Компания ұраны – Do you Yahoo?.

1994 жылы қаңтар айында Стэнфорд университетінің аспиранттары Дэвид Файло мен Джерри Янг «Yahoo!» компаниясының негізін қалап, 1995 жылы 2 наурызда үлкен корпорацияға айналдырды. Калифорния штатындағы (АҚШ) Саннивейл қаласында компанияның бас кеңсесі орналасқан.

Alexa Internet статистикасы бойынша интернет әлемінде қатысушылар саны бойынша төртінші орынды иеленеді.

Компания атауының пайда болуы (1995-1996 жылдары)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1994 жылы Стэнфорд университетінің аспиранттары Дэвид Файло мен Джерри Янг «Интернет әлеміндегі Джерридің жол сілтемесі» атты веб-сайт құрып, бұл сайтқа сайттар каталогының тізімін орналастырады.

1994 жылы ақпан айында сайттың атауы Yahoo! болып өзгертіледі. Осы атаудың пайда болуы жайлы үш нұсқа бар. Бірінші нұсқа – бұл сөз Джонатан Свифттің «Гуливердің саяхаттары» (орыс тіліне аударғанда Йеху, Еху) кітабынан алынғаны болса, ал екінші нұсқа бойынша Yahoo атауы «Иерархиялық тағы бір ресми емес сәуегей» фразасынан қалыптасқан акроним (Another Hierarchical Officious Oracle) болуы мүмкін деген жорамал бар. Сайттың URL мынандай еді: http://akebono.stanford.edu/yahoo Мұрағатталған 10 қазанның 2001 жылы.. Үшінші нұсқа – Yahoo сөзі жапон тілінен аударғанда «Сәлем» (ресми емес нұсқасы) деген мағынаны білдіреді. Алайда, Yahoo! атауы барбекюға арналған тұздықтың тіркелген сауда маркасы болғандықтан, атаудың соңына леп белгісі қосылған.[2][3]

Янг пен Файло жобаның коммерциялық мүмкіндіктерін бағалап, 1995 жылы 2 наурызда компанияны корпорация дәрежесіне дейін жеткізді. Қарқынды түрде даму шағы (1997-1999 жылдар)

XX ғасырдың 90 жылдары MSN, Lycos, Excite және Yahoo! сияқты ең ірі іздеу жүйелері қарқынды түрде дамып, әйгілі бола бастады. Қатысушылар осы порталдарда көп уақытын өткізу үшін көптеген қызықты, жаңа қызметтер енгізіледі.

1997 жылы 8 наурызда Yahoo! компаниясы Үлгі:RocketMail (ең бірінші тегін пошта қызметі) порталын иемденеді. Осылайша Yahoo Mail электрондық поштасы пайда болады. Сонымен қатар, Yahoo Games қызметінің қалыптасуына негіз болған ClassicGames.com порталын осы жылы өз иелігіне өткізеді. 1999 жылы 21 шілдеде Yahoo Messenger тез хабарлармен алмасу қызметін енгізеді.

Yahoo! «дот-ком бумы» кезеңінде (2000-2001 жылдары)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылы 7 ақпанда Yahoo.com DDos шабуылына ұшырап, бірнеше сағатқа өз жұмысын тоқтатады. Сонымен бірге осы кезеңде Yahoo! және eBay компанияларының бірігуі туралы ақпарат шыққан еді, бірақ келісім жасалмаса да, 2006 жылы компаниялар маркетингтік альянс туралы келісімге отырды.

«Дот-ком бумы»кезеңінен кейінгі Yahoo! (2002-2006 жылдары)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Дот-комның» күйреуінен кейін Yahoo! өз жұмысын жалғастырған ірі компаниялардың бірі еді. Осы дағдарыстан шыққаннан кейін (2001 жылы 26 қыркүйекте Yahoo! компаниясы акциясының бағасы – 8.11 доллар болды) Yahoo! телеқатынас нарығына бет бұрды. 2002 жылы 3 маусымда Yahoo! және SBC компаниялары американ нарығында ұлттық dialup қызметін, 2005 жылы 23 тамызда Verizon компаниясымен бірігіп, жалпы ұлттық DSL қызметін шығарады.

2002 жылы Yahoo! компаниясы Inktomi, 2003 жылы Overture services,Inc., AltaVista және AllTheWeb іздеу жүйелерін иеленеді. 2004 жылы 18 ақпанда Yahoo! Google компаниясының іздеу жүйесін қолдануды тоқтатып, өз жүйесіндегі іздеу қызметімен қолдана бастайды.

2005-2006 жылдары Yahoo! компаниясы Yahoo! Music, Flickr және Yahoo! 360° атты жаңа қызметтер енгізіп, blo.gs, Upcoming.org, del.icio.us және webjay әлеуметтік қызметтерді иеленеді.

Yahoo!-дың бүгіні мен болашағы (2007 жыл - )

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі кезде жаңашылдық бағытта Yahoo! Next beta-нұсқалары жасалу үстінде. Бұл Yahoo!-дың жаңашыл болашаққа арналған технологиясының негізі.

  • Қытай үкіметі Yahoo! Қызметтерінің көмегімен диссиденттердің тұрған жерлерін анықтайды[4].
  • 2008 жылы 1 ақпанда Microsoft компаниясы Yahoo! компаниясының акционерлеріне 44,6 миллиард долларды құрайтын ұсыныс жасайды[5].
  • 2010 жылы тамыз айында Yahoo Japan компаниясы Adlocal геоконтекстік жарнама жүйесінің құрушысы Cirius Technologies компаниясын сатып алады[6].

Қызметтерінің көрсеткіші

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2008 жылы компания түсімі (US GAAP) – 7,209 миллиард долларды (2007 жылы 6,97 миллиард доллар) құрады. Компания табысы – 424 298 мың доллар (2007 жылы 660 миллион доллар)[7].

Толық мақаласы: Yahoo! Messenger

Yahoo Messenger (қысқартылған түрі Y!M) – Yahoo! компаниясының жеке өз порталында қолданылатын хабарламалармен тез алмасу бағдарламасы.

Windows, Mac, Linux (Unix) платформалары үшін құрылған. Таратылуы тегін түрде жасалады. Қолдану үшін алдын ала Yahoo! порталында тіркелу қажет.

Интернет қолданушылар арасында қарым-қатынас орнатуға арналған бағдарлама. Мәтіндік қарым-қатынас, дауысты қарым-қатынас, дауысты чат, видео конференциялар, ұялы және стационарлық телефондарға қоңыраулар жасау, онлайн ойындар, онлайн арқылы музыкаларды тыңдау сияқты мүмкіндіктерге ие. Жыл сайын қолданушыларының саны көбеюде.

Қазіргі кезде Yahoo! хабарламалармен тез алмасу бағдарламасының орыс тілді интерфейсі қолданыста жоқ болғанымен, компания мамандары бұл кемшілікті дұрыстау мақсатында жұмыстарын бастады.

'Yahoo! Music – Yahoo! порталында орналасқан, түрлі музыка қызметтерімен қамтамасыз ететін провайдер [8].

Музыкамен бірге интернет-радио, видеолар, әйгілі музыканттардың өмірінен қызықты жаңалықтарды ұсынады. Yahoo! порталында тіркелгі жасаған қолданушылар үшін альбом, жанр және орындаушылар арқылы сұрыпталған, мыңдаған музыкаларды тыңдауға мүмкіндік берілген. Кең көлемді қызметтерімен бірге видеолардың және музыкалардың керемет сапасымен ерекшеленеді.

Yahoo! News – Yahoo! порталында жаңалықтарды ұсынатын арнайы қызмет түрі. Олар – басты жаңалықтарды, АҚШ жаңалықтарын, дүние жүзі және бизнес жаңалықтарын, ғылым, денсаулық, ауа райы, фото жаңалықтарды сайт қатысушыларына ұсынады [9].

Бұл жаңалықтар – Associated Press (AP), Reuters, Agence France-Presse (AFP), Fox News, Christian Science Monitor, NPR, USA Today, CNN.com, CBC News, Seven News, BBC News жаңалықтар қызметтері арқылы беріледі.

2009 жылы сәуір айындағы Nielsen/NetRatings мәлімдемесі бойынша Yahoo! News американ қатысушылардың арасында әлемдік жаңалықтарды жариялайтын сайттар арасында msnbc.com-нан кейін екінші орынды алған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Net Applications компанияның 2011 жылдағы тамыз айындағы мәліметі
  2. The History of Yahoo! — How It All Started…
  3. Speech by Jerry Yang
  4. Капитализм апатының дәуірі. ИноСМИ.ру (11 қыркүйек 2007 ж.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 тамыз 2011. Тексерілді, 12 тамыз 2010.  (орыс.)
  5. Microsoft offers $44.6 Billion for Yahoo — Engadget
  6. Cirius Technologies acquired by Yahoo Japan :: BtoB Magazine(қолжетпейтін сілтеме)
  7. Yahoo интернет-компанияның таза табысы 2008 ж. US GAAP көрсеткіші бойынша 35,1 пайыздан 424,3 млн долларға дейін төмендеді Мұрағатталған 5 наурыздың 2010 жылы.
  8. [1]
  9. [2]