Ассошиэйтед Пресс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Associated Press бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ассошиэйтед Пресс агенттігі1848 жылы Нью-Йорктың алты жетекші газеті ақпаратты жинау мен жеткізу үшін жұмсалатың үлкен шығыннан қауіптеніп, банкротқа ұшырамау үшін бірігіп, "Ассошиэйтед Пресс" ақпарат агентгігін құрды.[1]. Әлемнің 101 елінде ақпарат агенттіктері бар. Оған 1320 газет, 3400 радиостанция, 1000 жеке або- ненттер мен көптеген телестанциялар мүше. Дүниежүзінің 160 қаласында 2500-ден астам меншікті тілшілері, хабар жинаумен айналысатын 100 мыңнан аса қызметкері (1990) бар. Бұл агенттіктің құрылуы АҚШ журналистикасын дамытудағы елеулі кезең болады.

АҚШ-тағы газеттердін 95%-ы, соның ішінде "Нью-Йорк тайме", "Хартфорд курант", "Пост", "Плейн диллер", "Европус-Кристи коллер тайме", "Нью-хейвен Риджестер" сынды танымал газеттер мен мыңдаған радиостанциялар "Ассошиэйтед пресс" ақпарат агенттігінің жүйесіне қосылған. Әлемде бұл агенттіктен басқа ешкім де оқиғаларды дәл сондай көлемде қамти алмайды. Оның ақпараттық таспасына әлемдік саясаттан бастап, аймақтық деңгейдегі ақпаратқа дейін материалдар түсіп отырады. "Ассошиэйтед Пресс" ақпарат агенттігінің әлемнің 71 елінде 226 бөлімі бар. "Ассошиэйтед Пресс" ақпарат агенттігінің материалдарын АҚШ-тың 1322 күнделікті газеті пайдаланады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5