Әйнек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әйнек

Әйнек, не шыны, – құрамында шыны түзетін компоненттер (кремний тотығы, бор, аллюминий, фосфор т.б.) мен металл тотықтары (литий, калий, магний, қорғасын т.б.) бар балқыманы суыту нәтижесінде алынатын қатты, аморфты,оптикалық мөлдір (құрамына байланысты) әйнек түрді материал.

Шыны құрылыста, санитарлық техникада қолданылады, тамақ және химиялық ыдыстар жасауда кеңінен пайдаланылады.

Республикада шыны мен шыны кристалды материалдардың құрылымына байланысты ғылыми зерттеулер 1960 жылдан Қазақ хим-технологиялық институтында, кейін – Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты мен Алматы құрылыс материалдары ғылыми зерттеу және жобалау институтында (С.Т. Сүлейменов, В.О. Есімов, Т.Ә. Әбдуалиев, В.Ф. Вернер, А.А. Мырзахожаев т.б.), Қазақ Республикасы Ғылым Академиясының химия ғылымдар институтында (Ю.А.Моркеренков, Л.Н. Шелудяков т.б.) жүргізіп келді. Зерттеу жұмыстары жергілікті табиғи шикізат пен өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып, әр түрлі мақсатқа арналған бұйымдар шығару технологиясына бағытталған.

Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының күлінен түсі қара түсті «Марблит» типті шыны тәрізді қаптама тақталар; беті жалынмен жылтыратылған түрлі-түсті шыныдан тұратын қос қабатты көркем қаттама материалдар ретінде қолданылатын шыны-кристаллит тақталар; үйлердің архитектурасын жақсартуға, техникалық мақсатқа арналған ақ және қара түсті шлакситалды, күлситалды бұйымдар; қымбат металлдар мен легирленген қорытпаларды алмастыратын биологиялық индифферентті физика-механикалық қасиеттері мен косметикалық эффектісі жоғары тіс ортопедиясына қажетті ситалдар т.б. жасалды.

Республикада шыны ыдыстарды дайындайтын жергілікті өнеркәсіп министрлігіне қарасты екі кәсіпорын (Жамбыл, Щучинск қалаларында) бар.

Қалыңдығы 4 және 6 мм екі қабатты әйнек терезелер стандартты 4 мм әйнектермен салыстырғанда 32 DBA аз шу шығарады.[1]

  • Органикалық шыны — полиметилметакрилат, полистирол, поликарбонаттар негізіндегі оптикалық материалдардың техникалық атауы. Тығыздығы біршама кем, морттылығы аз, жұмсару температурасы едәуір төмен. Органикалық шыныдан авиа, автомобиль, кемежасау салаларында құрылымдық материал ретінде пайдаланылатын жарқыншақтанбайтын үш қабат шыны дайындалады.
  • Сақтандырушы шыны — құрамына байланысты түсірілген сәулелерді өткізеді (мөлдір) немесе өткізбейді (мөлдір емес), сондай-ақ белгілі толқын ұзындықты сәулелерді өткізіп, басқа толқын ұзындықты сәулелерді өткізбейді (түсті).
  • Брондалған әйнек — өнім арнайы полимер негізіндегі қабыршақтармен немесе сұйық полимерлі композициямен желімделген әйнектің бірнеше қабаттарынан тұрады.[2]
  • Сұйық шыны — натрий жөне калий силикаттарының судағы ерітіндісі. Сұйық шыны — қышқылға төзімді цемент пен отқа төзімді сылақтардың құрауышы, желімдегіш зат ("кеңсе силикат желімі"). Mұқият болмаса, білдекші шағын жарақат алуы мүмкін.[3]

Шыныға қатысты ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Михаил Васильевич Ломоносов шыныны зерттеу мен балқытуға ғылыми көзқарастың негізін қалады. Ғалымдар 4 мыңнан астам стақанды алғашқы технологиялық жүйеленген балқытуды жүзеге асырды. Зертханалық тәжірибе және ол қолданған әдіснамалық принциптер қазіргі уақытта дәстүрлі, классикалық деп саналатындардан аз ерекшеленеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Екі қабатты терезелер.
  2. Брондалған әйнек.
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6