Құмық тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құмық тілі
Өз атауы:

къумукъ тил

Елдер:

 Ресей

Аймақтар:

Дағыстан, Шешенстан, Солтүстік Осетия

Ресми күйі:

Дағыстан

Сөйлеушілер саны:

426 212

Күйі:

осал

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Түркі тармағы
Қыпшақ тобы
Құман-қыпшақ топ тармағы
Жазуы:

кириллица, латын, арабша

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

кум 349

ISO 639-1:

ISO 639-2:

kum

ISO 639-3:

kum

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Құмық тілі (өз атауы — къумукъ тил / qumuq til[1] / قموق تيل[2][3]) - түркі тілдері жанұясының қыпшақ тобына жататын тіл. Құмық тілі негізінен Дағыстанда таралған. Құмық тілінде сөйлейтіндер саны 400-500 мың адам.

Құмық тілі Дағыстанның алты "әдеби тілдерінің" бірі. Орыс басқыншылығына дейін жалпы солтүстік Кавказда халық-аралық сөйлесу (франк тілі) тілі болған. Жазуы кириллицаға негізделген. Құмық тілі түркі тілдері қыпшақ бұтағының батыс (құман) тобына жатады. Ол қарашай, балқар, ноғай, қарайым, қырым татарлары тілдеріне жақын. Құмық жазба ескерткіштері 16 ғасырдан белгілі. 17 ғасырдан бастап Солтүстік Кавказдағы орыс әкімшілігімен қатынаста ресми тіл қызметін атқарған. Құмықтар ертеден араб жазуын пайдаланып келді. 1928 ж. латын, 1938 ж. кирилл әліпбиіне көшірілген. Онда 38 және гъ (ғ), къ (қ), нъ (ң), оъ (ө), уь (ү), ж(дж) тәрізді 6 қосымша әріп бар. Грамматикасында оғыз тілдерінің, Кавказ халықтары тілдерінің әсері байқалады. Сөздік құрамында орыс тілінен енген сөздер мол кездеседі. Құмық тілі қайтағ, тер, бұйнақ, хасавюрт деп аталатын диалектілерге бөлінеді.


  1. https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/136205
  2. Ноғай және құмық мәтіндері, 1883, М.-Э. Османов, СпБ
  3. Кавказ сөйленісінің татар грамматикасы / Сост. Т. Макаровым. - Тифлис : тип. Канцелярии наместника кавк., 1848