Василий Иванович Чуйков
Василий Иванович Чуйков(31.01.1900 жылы туған, Тула губерниясы,қазіргі Мәскеу облысы-18 наурыз,1982,Мәскеу) - кеңес әскери қайраткері. Кеңес Одағының Маршалы (1955). Кеңес Одағының Батыры атағыг екі рет алған (19.03.1944,06.04.1945). 1919 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылдан Кеңес Әскері қатарында. 1918 - 20 жылдары Азамат соғысына қатысты. Әскери нұқаушылар курсын (1918), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1925), осы академияның шығыс курсын (1927), механикаландыру және моторландыру академиясы жанындағы академиялық курсты (1936) бітірді. 1939 жылға дейін жауапты командалық қызметтерде болды. Батыс Белоруссияны азат етуге және армия қолбасшысы ретінде кеңес - финн соғысына (1939-40) қатысты. 1940-42 жылдары Қытайдағы әскери атташе. 1942 жылы (мамыр айынан) Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысып, 64-,62 және 8 - гвардиялық әскерлердің қолбасшысы болды. Соғыстан кейін ол Германиядағы Кеңес Әскері тобы Бас қолбасшысының көмекшісі, орынбасары және 1 - орынбасары (1945-49), Бас қолбасшысы (1949-53). 1923-60 жылдары Киев әскери округы әскерлерінің қолбасшысы. 1960-64 жылдары КСРО Қорғаныс министрінің орынбасары және 1960-61 жылдары құрғақтағы әскерлердің Бас қолбасшысы қызметін қоса атқарды. 1964 жылдан КСРО Азаматтық қорғанысының бастығы.1972 жылдан КСРО Қорғаныс министрлігі Бас инспекторлар тобында жұмыс істейді. 1952 жылдан КПСС ОК мүшелігіне кандидат, 1961 жылдан 1976 жылға дейін мүшесі болды. 2-9 сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.Мамай қорғанында жерленген.
Сыйлықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]7 рет Ленин ордені , Қазан Революциясы ордені, 4 рет Қызыл Ту ордені және басқа ордендермен наградталған.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 153-154 бет