Вильянди

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Вильянди
эст. Viljandi
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Эстония

Уезд

Вильяндимаа

Мэр

Пееп Ару

Тарихы мен географиясы
Координаттары

58°22′ с. е. 25°36′ ш. б. / 58.367° с. е. 25.600° ш. б. / 58.367; 25.600 (G) (O) (Я)Координаттар: 58°22′ с. е. 25°36′ ш. б. / 58.367° с. е. 25.600° ш. б. / 58.367; 25.600 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

1154

Бұрынғы атаулары

Феллин

Қала статусы

1283

Жер аумағы

14,62 км²

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

17868[1] адам (2012)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+372

Автомобиль коды

D

viljandi.ee

Вильянди картада
Вильянди
Вильянди

Вильянди (эст. Viljandi), 1919 жылға дейін Феллин (нем. Fellin) — Эстониядағы қала, Вильяндимаа уезінің әкімшілік орталығы. Халық саны және аумағы бойынша елдегі жетінші қала.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эстонияның оңтүстік бөлігінде, Вильянди көлінің солтүстік жаңалауында орналасқан. Қашықтықтар: Таллинге дейін — 161 км (солтүстікке қарай), Тартуға дейін — 81 км (шығысқа қарай), Пярнуға дейін — 97 км (батысқа қарай).

Бұл жердегі ең алғашқы қоныстар б.з.д. шамамен V ғ. пайда болды. visitestonia.com сайтының пікірі бойынша, алғашқы жазбаша дерек 1154 жылмен даталанған.[2]

XII ғасырда алғашқы тұрақты қоныс пайда болды. XIII ғасырдың басында бұл жер Семсершілер орденімен жауланды. 1224 жылы ағаш бекіністердің орнына, кейде Балтықтағы ең қауатты деп саналған тас қорған салына басталды. Келесі 200 жыл ішінде ол әрдайым жетілдірілді.

1283 жылы Рига архиепископы Феллин қорғанысын қоршаған қонысқа қала статусын сыйлады.[3]

XIV ғасырдың басында Феллин Ганзаның мүшесі болып, Ресеймен саудасының маңызды орнына айналды және бұл жәйт қаланың өркендеуіне себеп болды. 1365 жылы қала Ганза және Дания арасындағы бейбітшілік шартына қол қою процессіне қатысты.

Ливония соғысы кезінде қала және Феллин қорғаны орыс әскерлерімен жауланып және ішінара бұзылды. 1600-1611 жылдары аралығында орын алған поляк-швед соғысы кезінде одан да қатты нұқсан келтірілді. 1602 жылы Феллинді поляктар жаулағаннан кейін қаланың бұрынғы асқан әсемділігінен және күш-қуатынан бірнеше дуалы ғана қалды. XVII жылы швед үстемшілігінің астында болған кезінде, Феллин қала статусынан айырылды.

1783 жылы году Екатерина II патшайымы қала статусын қайтарып, Феллин уезд орталығына айналды. Экономикалық және саяси ықпалының өсуімен қатар халық саны да өсе бастады.

1950—1991 жылдары Вильянди бір аттас ауданының орталығы.

Көрнекті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Феллин қамалы — XIII ғасырда салынды; атқарымдық жағынан солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктеріне бөлінген. Қамалда жиналстарға арналған зал (капитула), екі нефті мұнара, мұрағат бөлмесі, командордың жатын бөлмесі және тұрғын үй-жайлары, нәзіретхана, асүй, галереялар, атқоралар, қызметкерлерге арналған үйлер, қоймалық бөлмелер, 26 метрлі құдық.

Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]