[go: up one dir, main page]

Қазақстан CIIE-2024 бойынша рекордтық келісімшарттар жасасты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қараша
Қазақстан CIIE-2024 бойынша рекордтық келісімшарттар жасасты

Қазақстан үшін Шанхайдағы 7-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) табысты болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ет және май өнімдерін, құрғақ түйе сүтін, шырындар мен мармеладтарды жеткізуге 120 млн АҚШ доллары сомасына келісімшартқа қол қойды. Ал өткен жылғы көрмеде жасалған келісімшарттардың сомасы 81 млн АҚШ долларын құраған еді.

Ағымдағы жылдың 5-10 қараша аралығында өткен іс-шара Қазақстанның Қытаймен және басқа да елдермен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade ССДО» АҚ ұйымдастыруымен отандық бизнес Шанхай көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды.

Негізгі инновациялардың бірі TikTok платформасында қазақстандық өнімдерді онлайн-сатудың ашылуы болды. Қытайлық Jiangsu Soho Holding Group Co., Ltd компаниясымен әріптестікте бүкіл әлемнен келген көрермендерге Қазақстаннан жеткізілген тауарлар ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақытта сатып алуға мүмкіндік беретін стриминг өткізілді. Онлайн-сату барысында екі күнде 450 мың юань сомасына өнім сатылды.

Қазақстандық CEREBRA AI және Alaqan AI компаниялары 2024 жылы Орталық Азияда шағын және орта бизнеске арналған инновациялар мен кәсіпкерліктің «Maker in China» жаһандық байқауының өңірлік финалында бірінші және екінші орындарды иеленді.

Көрме аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото