[go: up one dir, main page]

Соңғы 10 айда Қазақстанға Қытайдан жарты миллионнан астам турис барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қараша

Қазақстанға Қытайдан барған қонақтардың саны 20 есе өсіп, 367 мыңға жетті. Ал биылғы 10 айда қытайлық туристердің саны жарты миллионнан асты. Бұл туалы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

Астана қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Қазақстан-Қытай туристік бизнес диалогы өтті. Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қытай туризм академиясының президенті (China Tourism Academy), профессор Дай Бинь, Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы делегациясының туристік өкілдері қатысты.

ҚР Туризм және спорт министрі аталған іс-шараның маңызына тоқталып, ашық бизнес-диалог қатысушылар үшін тиімді алаңға айналатынына әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында екі елде 30-ға жуық іс-шара өткізілді. Оның ішінде Қазақстан қалаларының туризм және мәдениет күндері, ірі көрмелер мен форумдар, сондай-ақ мәдени және B2B іс-шаралар бар. Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу екі елдің дамуы мен мемлекетаралық деңгейде достық қарым-қатынастарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Іс-шара соңында тараптар Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысын 2024 жылғы 27 қарашада Алматыда өтетін салтанатты жабылу рәсімінде жан-жақты талқылауға уағдаласты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото