- Барлық ақпарат
Қытай мен Қазақстан ғалымдары бірігіп ғылыми еңбектер жинағын шығарды
14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қараша күні Алматыдағы Достық сарайында Қытай мен Қазақстан ғалымдары бірлесіп құрастырған «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: заманауи даму стратегиясының мүмкіндіктері мен болашағына талдау» атты академиялық мақалалар жинағы жариялады. Шараға екі елдің осы саладағы 80-ге тарта маман қатысты.
Мақалалар жинағын қос елдің саясат, экономика, халықаралық қатынастар, тарих және мәдениет сияқты түрлі саладағы 30-дан астам сарапшылары мен ғалымдары бірлесіп жазған. Кітап үш тараудан тұрады. Онда Қытай мен Қазақстан ынтымақтастығының жаңа жетістіктеріне шолу жасалып, қазіргі халықаралық жағдайдағы екі ел ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы талданады. Еңбекте екі жақты қарым-қатынастың келешегі туралы тұжырымдар айтылып, «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу ынтымақтастығының қос тараптың дамуына әкелген терең өзгерістері көрсетілген.
people.cn © People's Daily Online