- Барлық ақпарат
Үрімжі мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді
12 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Үрімжі Дивопу әуежайы кеденінен алған мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 10 қарашасында Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визадан босату туралы келісім ресми түрде күшіне енгеніне бір жыл толды. Осы уақыт ішінде Үрімжі әуежайынан Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларына бағытталған жолаушылар рейсі 1600-ден асты. Кіріп-шыққан жолаушылар саны 190 000-нан жоғарылап, ұқсас мезгілмен салыстырғанда сәйкесінше 318,5% және 298% өсті.
Соңғы бір жылда Қытай мен Қазақстан азаматтарының іскерлік қызмет, туризм және басқа да саладағы өзара алмасулары одан әрі тереңдеп, елге кіріп-шығатын жолаушылардың ағыны айтарлықтай артты. Осы ретте Үрімжі мен Қазақстанның Алматы және Астана қалалары арасындағы халықаралық жолаушылар тасымалы кеңейіп, апта сайын екі жаққа ұшатын рейстер саны 10-нан 35-ке дейін көбейген.
people.cn © People's Daily Online