[go: up one dir, main page]

Онлайн-сату және Цифрлық Жібек жолы: қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 7 қараша

50-ден астам Қазақстандық компания өз өнімдерін Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ұсынды деп жазды ҚР сауда және интеграция министрлігі. Олардың ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тауарлары бар. Сондай-ақ келушілердің назарына жаңа технологиялық әзірлемелер ұсынылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев көрме қазақстандық өндірушілер қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайта алатын бірегей алаң саналатынын атап өтті. Оған жыл сайын 300 мыңға жуық сатып алушы келеді.

«Биыл біз тауарларымызды «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері» павильонында ғана таныстырған жоқпыз, 2 есеге ұлғайып, 50-ден астам қазақстандық компанияларды әкелдік. Олардың ассортименті құрамына май өнімдері, сусындар, бал, тоқыма, ет өнімдері кіреді. Мұндағы басты жаңалық, біз алғаш рет коммерциялық павильоннан бірден онлайн сатуды қамтамасыз етеміз. Ұлттық павильон цифрландыру тақырыбына бағытталған. Іс жүзінде біз Цифрлық Жібек жолын көрсетеміз, технологиялық жетістіктерімізді ұсынамыз», — деп атап өтті ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото