[go: up one dir, main page]

Қытай Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салуды жоспарлаған

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қараша

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holding компаниясының (ҚХР) төрағасы Ван Вэньфэнгпен кездесті. Компания астықты терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр деп жазды ҚР Премьер-министрінің сайыты.

Ақмола облысында натрий глутаматы, амин қышқылдары және экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған. Ван Вэньфэнг жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан белсенді қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жоба сәтті іске асырылады және өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деген сенім білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото