- Барлық ақпарат
Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық авторлық құқық платформасы таныстырылды
Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық авторлық құқық платформасы таныстырылды, деп хабарлайды 24.kz.
Платформа Қытайдың шетелмен мәдени-сауда Ұлттық базасының аясында құрылған. Әдебиет, музыка, кино салаларын қамтитын платформа мәдени алмасу мен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды арнасына айналады, - дейді ұйымдастырушылар. Платформа пайдаланушыларға іздеу, талдау және авторлық құқықты қорғау қызметтерін ұсынады, сондай-ақ авторларға әртүрлі тілдерде контент жасау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін береді. Платформа офлайн да жұмыс істейді. Қорғаста орналасқан офисте семинар-тренингтер, лекциялар және тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Қытайлық цифрлық платформаға қол жеткізу қазақстандық авторларға үлкен мүмкіндіктер ашады, - дейді шығармашылық өкілдері.
people.cn © People's Daily Online