[go: up one dir, main page]

Қазақстанның Орталық музейінде «Даму, инновация және ашықтық: Жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі модернизацияның жетістіктері» атты фотокөрме ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қыркүйек

Алматыдағы Бас консул Цзян Вэй

29 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 27 қыркүйекте «Даму, инновация және ашықтық: Жаңа дәуірдегі Қытай үлгісіндегі модернизация жетістіктері» атты фотокөрме салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Бас консул Цзян Вэй, мұражай директоры Харипова, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің кеңесшісі Аленова, аумақтағы мәдени үйірмелер, белгілі ғалымдар, Қытай тілді мекемелер мен университеттердің оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері сияқты 70-ке жуық қонақ қатысты.

Фотокөрмені Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы мен Қазақстанның Орталық ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырды. Фотокөрмеде Қытайдың жаңа дәуірден бастап экономикалық даму, әлеуметтік күнкөріс, ғылыми-техникалық инновация, экологиялық өркениет, мәдени құрылыс, ашықтық сияқты салаларындағы жетістіктерін айқын көрсететін 62 таңдаулы сурет көрсетілген.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото